Журналдың жанашырларына мың алғыс!

Jan 9, 2025 - 17:15
Jan 14, 2025 - 16:51
 16
Журналдың жанашырларына мың алғыс!

Өңір мәдениеті мен руханиятын дамытуда ерен еңбегімен дараланған, қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгеріне айналып, бағалы шығармалары арқылы елдің қалаулы перзентіне айналған Мархабат Байғұттың есімін жаңғырту – біздің азаматтық парызымыз деп есептеймін.Мархабат ағамыз әдебиетте ғана емес, ақпарат саласында да жемісті еңбек етіп, талай буынның ақылшы ұстазына айналды. Талай игі істің бастамашысы болып, қайраткер қаламгер ретінде тарихта қалды. 
Тек қалам ұстаған жастардың ғана емес, мемлекеттік қызметтегі бірнеше буынды тәрбиелеп, жауапкершілік пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсете білді. Өмірдің өзіндей өрілген туындыларын жастанып оқыған, қамқорлығын сезінген жастар бұл күнде мемлекеттің дамуына, елдің өркендеуіне үлес қосып жүр.
«Ырыс алды – ынтымақ», «Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік» деген теңдессіз жобаларды бастап, ел бірлігіне де ұйытқы бола білді. Зиялы қауым өкілдерінің көшбасшысы ретінде талай маңызды істердің шешімін табуға атсалысты. 
Міне, енді «Мархабат» атты журнал жарық көріп, жазушының есімін қайта жаңғыртып, оның шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау бағытындағы шаралар жалғасын тауып жатыр. Лайым, жаңа журнал әдебиетіміздің өрісін кеңейтіп, жастардың ұлт тұлғаларына деген құрметін арттырып, қызығушылығын оятуда үлкен тірліктер атқара бергей.
Осы басылымның жарық көріп, оқырманға жол тартуына атсалысқан барша жанашырларға шынайы алғысымды білдіремін!

Ертай АЛТАЕВ,
Түркістан облысы әкімінің орынбасары